Accessibility links

Испания соты 3 террористі 40000 жылдық мерзімдерге түрмеге кесті


МАДРИД: Кеше Испания соты Мадридтегі 2004-інші жылғы жарылыстарға қатысты іс бойынша өкім шығарып, сотқа тартылған 28 күдіктінің 21-і “айыпты” деп танылып, 7-еуі – ақталды. Үшеуі – 40 мың жылдық мерзімге түрмеге кесілді. Бірақ испан заңдарына сәйкес, олар оның 40 жылын ғана түрмеде өтейді. Ақталғандардың ішінде террорлық шабуылды “ұйымдастырушы” айыпталған мысырлық азамат болды. Бірақ ол террористік топқа мүше болғаны үшін Италияда жазасын өтеп жатуына байланысты бостандыққа шықпайды. Мадридтің қала сыртына қатынайтын 4 поезында болған жарылыстардан 191 жолаушы мерт болып, 2 мыңдай адам жараланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG