Accessibility links

Жапония теңізшілері Ауғанстандағы қызметін аяқтайды


Жапонияның қорғаныс министрі Ауған күштеріне қолдау көрсету қызметіндегі әскери кемелердің мерзімін ұзарту туралы ұсынысы өтпей қалғаннан кейін, оларды елге қайтаруға бұйрық етті. Террорға қарсы соғыс заңына сәйкес, жапон теңізшілері Ауған күштерін жанар-жағар маймен жабдықтап, түрлі операциялар барысында оларға көмек беріп келген болатын. Бүгін ол заң аясында берілген уақыт аяқталып отыр. Оппозиция парламенттің жоғарғы палатасының мандат мерзімін ұзартуға дауыс беруіне бөгет жасап, мүмкіндік бермеді.
XS
SM
MD
LG