Accessibility links

Ауғаныстанның кейбір аймағындағы тұрғындар ресми биліктен гөрі өз күшіне сенеді

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ауғанстанның шығысы мен оңтүстігіндегі Талибан көтерілісшілерімен күреске қазір әлемнің негізгі назары ауып кеткен. Дәл осы тұста елдің солтүстігінде де кейбір текетірестер байқалуда. Кезінде Талибан билігімен шайқасқан жергілікті күштер бұл жолы қайтадан қаруларын қолдарына ала бастаған сыңайлы. Талибаннан өзімізді-өзіміз қорғамасақ, бізді қорғайтындай ресми Қабылдың қауқары жоқ, дейді олар.

Ауғанстанда бейбітшілік пен демократия негіздерін салу үшін елдегі қарулы топтарды қарусыздандыру шараларын жүргізу-аса маңызды, делінген еді. Осыған орай БҰҰ мен Ауған үкіметінің арнайы бағдарламасы да түзілген болатын. Алайда, ерікті түрде қаруын тапсыру деген идея аса жемісті болмады. Жауынгерлер қолында талай қару сақтаулы тұр. Сондықтан дала қолбасшылары, жергілікті қақтығыстар бола қалған жағдайда, мыңдаған жақтастарын қарулы әрекеттерге қайта жұмылдыра алатын болып тұр.

Үкімет өкілінің айтуынша, Қабылдағы орталық үкіметке Мазари-Шариф қаласында сенімсіздік бар сияқты. Талибандықтармен кезінде шайқасқан жергілікті күштер олар бұл аймаққа қайта оралуы мүмкін, деген қауіппен қаруларын қолдарына қайта алмақшы.

“Ауған үкіметімен одақтасты-міс деген дала қолбасшыларының өздерін-өздері қорғауы бұрынғыдан да өсе түскендей. Олардың көбісі қазір есірткі, яғни көкнәр мен героин саудасынан байып алған. Парламентте одақтастары отырғандықтан олардың саяси ықпалы - мықты. Тіпті кейде сол қолбасшылардың өздері де парламенттің тікелей мүшесі болуы мүмкін. Келесі қадам олардың әскери қуаттарын бағдарлау болып отыр. Талибан көтерілісінің ұлғая түсуі олар үшін қолға қайта қару алудың сылтауы сияқты. Олардың Талибанна қорқуы шамалы болар. Алайда елдің солтүстігінде жүріп жатқан оқиғалар Ауғанстанда қазір Балқандағы жағдайға ұқсас күйдің өсе түскендігін айғақтайды”, - деді Уашингтондағы Хюман Райтс воч ұйымының зерттеушісі Сам Зиа Зарифи.

Лондондағы Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Кристофер Лангтонның пікірінше, негізінен пуштундар қалың орналасқан елдің оңтүстігі мен солтүстігіндегі жағдай Ауғанстанның түрлі этникалық топтарының ара-қатысына тікелей байланысты. Талибанға қарсы күресте Солтүстік одақ деген атпен белгілі болған, ол біріккен одақ қолбасшылары өзбек, тәжік және хазар ұлт өкілдерінен болған еді. Ауғанстанда өзін-өзі қорғау-аса маңызды. Сондай-ақ ол қарулы топтар апиын керуенін қорағу үшін де, жергілікті биліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де өздерін жасақтауда.

Бірнеше онжылдықтарға созылған соғыстардан кейінгі Ауғанстанды Лангтон сарапшы “қарулы топтар айналасында біріккен ел” ретінде сипаттаған болатын.

«Мұндай мәселеде, ерікті түрде қару тапсыру бағдарламасы арқылы жағдайды өзгертуге болады, деу аңқаулық болар еді», дейді Лангтон.

Өткен жылы Ауған Ұлттық біріккен майданы атты оппозициялық топ ел үкіметіне қарсы қайта топтасуға бел буған еді. Олар, әрине, бұрынғы Солтүстік одақ қолбасшылары болатын. Мұндай саяси топтың құрылуы олардың қолында қару сақталған, дегенді білдіреді. Себебі аталған топ кезінде өздері қарсы күрескен Талибандықтар өкілдерінің заңды үкімет құрамының қазіргі мүшесі ретінде және солтүстікке қарулы Талибан жасақтарының заңсыз түрде өтіп кету мүмкіндігі өсе түсуіде, деп қауіп ойлауда. Дей тұрғанмен, елдің солтүстігіндегі бұл Біріккен майдан ел үкіметіне қарсы тұра қоймас, дейді Лангтон.
XS
SM
MD
LG