Accessibility links

Грузин оппозициясы Тбилиси көшелеріне 100 мыңға жуық халықты шығармақшы


ТБИЛИСИ: Грузин оппозициясының кеше кешкісін Тбилисидің орталығында аяқастынан басталған митингісі бүгін таңертеңге ысырылды. Басты талабы кезектен тыс парламент сайлауын 2008-інші жылдың сәуірінде өткізу және саяси тұтқындарды дереу босату болған митингі бүгін күндізгі 2-ге белгіленді, бірақ аяқастынан кешкісін басталып, грузин парламентінің алдында бірнеше мың халық жиналды. Кеше Тбилисиге елдің түкпір-түкпірінен халық толған автобустар ағыла бастады. Полиция Тбилисидің орталығына баратын жолдың бәрін бөгеп, кейбір грузин баспасөзінің хабарлауынша, қалаға армия бөлімдері тартылды. Ал бұрынғы қорғаныс министрі Ираклий Окруашвили, оның адвокаты растағандай, Грузиядан қуылды. Митингіні ұйымдастырушылар бүгін көшелерге 100 мыңға жуық халықты шығаруды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG