Accessibility links

Ирақта қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің қатары тағы 3 адамға өсті


БАҒДАД: Кеше Бағдад қаласы мен оның төңірегіндегі жарылыстар мен шабуылдардан 21 кісі қаза тапты. Ирақтағы АҚШ армиясының шығыны да өсіп барады. Кеше армия басшылығы тағы 3 жауынгерінің қаза болғанын хабарлады. Үшеуі де Ирақтың солтүстігіндегі соғыс операцясының барысында болған жарылыстарда көз жұмды. Соңғы 2 тәуліктің барысында Ирақтағы коалициялық күштер 120-дай көтерілісшіні қолға түсіріп, 27-сінің көзін жойды.
XS
SM
MD
LG