Accessibility links

Хиросимаға атом бомбасын тастаған АҚШ ұшқышының өзі 93-ке дейін өмір сүрді


ЧИКАГО: 1945-інші жылы Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастаған АҚШ-тың ұшқышы Пол Уорфилд Тиббетс қайтыс болды. Ол Огайо штатындағы өз үйінде 93 жасында дүниеден өтті. Американың Б-29 ұшағынан тасталған атом бомбасы бүкіл Хиросиманы іс жүзінде жер бетінен жойып, 70-тен 100 мыңға жуық халық бір сәтте қырылып қалды. Ал жапа шеккендердің саны тіпті есепсіз. 3 күннен кейін Нагасаки қаласында 2-нші атом бомбасы жарылған соң, Жапония өзінің жеңілгенін мойындап, ІІ-нші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG