Accessibility links

Солтүстік Ираққа басып кіруге дайын Түркияда Ирақты тұрақтандыру проблемасы талданады


СТАМБУЛ: Бүгін Түркияның Стамбул қаласында көрші және дүние жүзінің жетекші елдері өкілдерінің қатысуымен Ираққа арналған халықаралық конференция басталады. Ирақ үкіметінің елдегі ахуалды тұрақтандыруына көмек беру мәселесіне арналған бұл форум Ирақтың солтүстігіндегі күрд сепаратистерінің базаларына соққы беру үшін Түркия армиясының басып кіру қатері төніп тұрған кезде өтпекші. “Стамбул конференциясына” Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәлики, Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи, БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги Мун және БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын 5 мемлекеттің өкілдері қатысуға тиіс.
XS
SM
MD
LG