Accessibility links

НАТО Қазақстанға әскери флотын дамыту ісіне көмек беруге дайын


АСТАНА: НАТО Қазақстанға ұлттық әскери-теңіз флотын дамытуға көмек беруге әзір. Кеше Астанада Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Ержан Қазыхановпен өткізген келіссөзінен кейін НАТО-ның Бас хатшысының Орта Азия мен Кавказ бойынша арнаулы өкілі Роберт Симмонс осылай деп мәлімдеді. Ол атап көрсеткендей, “Қазақстанның соғыс флотын дамыту үшін НАТО бюджетті жоспарлау саласында ақыл-кеңес беруге және техникалық көмек көрсетуге дайын”. Өткен қыркүйек айында Қазақстанның қорғаныс министрі Д.Ахметов: “Бүгін Қазақстан экономикасы мен бүкіл дүние жүзі үшін Каспий аймағының маңызы өте зор. Оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында біз үшін заман талабына сай әскери-теңіз флотын құру қажеті туып отыр”, - деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG