Accessibility links

Қауіпсіздік Кеңесінің елдері Иран мәселесін Лондонда талқылайды


Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше 5 елі мен Германия өкілдері Лондонда кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты БҰҰ-ның болуы мүмкін санкциялары туралы талқылайды. Ол кездесулердің алдында АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бөрнс, Ресей мен Қытай бірнеше ай үшінші санкциялар енгізу қадамына тосқауыл қойып келді деді. Ол өзінің енді Ресей мен Қытай өкілдері бұл кездесуде өздерін дұрыс ұстайды деп үміттенетінін білдірді. Иран Батыстың уран байытуды тоқтатсын деген талабын қабылдамай, ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтып келеді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG