Accessibility links

Ирақ үкімет басшысы күрд қарулыларына қарсы күресте Түркиямен бірлесетіндігіне уәде берді


Нури әл-Малики мырза Ирақ жері лаңкестердің көрші елдерге шабуыл жасау базасына айналмауы тиіс, дей келіп, шекараларды мықтауға шақырды. Аталған уәдесін Малики мырза Стамбул қаласында болған Ираққа көршілес елдердің сыртқы істер министрлері және үкімет өкілдерінің, сондай-ақ әлемдік басшылардың конференциясында берді. Ирақтың солтүстігіндегі күрд көтерілісшілері шабуылдарын АҚШ пен Ирақтың пәрменді түрде тойтаруын Түркия қалайды.
XS
SM
MD
LG