Accessibility links

Техрандағы АҚШ елшілігін басып алуының 28 жылдығын Иран тойлауда


Бүгін Иранда үкіметтің ұйымдастыруымен “Әлемдік империализмге Ұлттық қарсылық күніне” орай және Құрама Штаттарға қарсы шерулер өтуде. 1979-шы жылы қуғындағы Иран шахының АҚШ-қа келіп емделуіне рұқсат бергеннен кейін Иран студенттері Америка елшілігін басып алған болатын. 53 америкалық дипломат пен олардың қарауылдары 444 күн бойы кепілдікте ұсталған еді. Содан бері екі ел қарым-қатынасы ушыға түсуде. “Иран лаңкестерді қолдайды және ядролық қару жасамақшы”, деп Уашингтон айыптауда. Ал ресми Техран болса АҚШ-ты “үлкен шайтан” және “Исламның, Мұсылмандардың жауы” деп атап келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG