Accessibility links

Минскіде Белаурс оппозициясы шеруге шықты


Үкіметтің әлеуметтік жеңілдіктерді қысқарту жөніндегі жоспарына қарсылық білдірген бір мыңдай адам ел астанасының көшелерінде наразылық шеруін жасаған. Рейтер агенттігі қаланың сыртында жиналған ереуілшілер шалғай жатқан паркке қарай кетті деп хабарлады. Оппозициялық Коммунистік партияның өкілі Сергей Калякин көптеген адамдар бұл шеруге қорыққандықтан келмей қалды деп айтты. Түрлі топтардан құралған демостранттар қолында жеңілдіктерді қайтарыңдар деген ұрандар мен плакаттар болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG