Accessibility links

Грузия астанасында оппозицияның төрт белсендісі аштық акциясын бастады


Шерулердің жалғасып жатқанына төртінші күн, Тбилисидің орталығында мыңдаған адам президент Михаил Саакашвилидің отставкаға кетуін талап етуде. Жұмада басталған бұл шерулер осыдан төрт жыл бұрын батысшыл президент Михаил Саакашвили Раушан төңкерісінің нәтижесінде билікке келгеннен бергі ондаған мың адам қатысқан ең бірінші наразылық акциясы болып отыр. Жексенбі күні Саакашвили оппозицияның президенттік және парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы талабын кері қағып, сайлаулар Конституцияға сәйкес, 2008 жылдың күзінде өтетін болады деп мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG