Accessibility links

Әлемдік қауымдастық төтенше жағдайлар енгізгені үшін Пәкістанды қатты сынға алды


АҚШ президенті Дж.Буш кеше Пәкістан президенті Первез Мүшаррафты төтенше жағдайды тезірек тоқтатып, мүмкін болғанынша демократияға қайта оралуға шақырды. Вашингтонда Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен бірге баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде Буш Мүшарраф тез арада сайлаулар өткізіп, өзінің әскери формасын ауыстырғаны жөн деді. Сенбі күні Первез Мүшарраф елде бүлікшілердің қақтығыстары мен сот жүйесінің әділетсіздігінен дағдарыс орнады деп төтенше жағдайлар жариялаған болатын. Кеше таңертеңгісін полиция төтенше жағдайлар енгізілуіне наразылық танытып көшеге шыққан демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, күшпен таратуға тырысты.
XS
SM
MD
LG