Accessibility links

Өзбекстан басшысы Ислам Каримов үшінші рет президент болғысы келеді


Өзбекстанның Либералды демократиялық партиясы өз атынан президенттікке Ислам Каримовтың кандидатурасын ұсынды. Хабарларға қарағанда, президент Каримов ол ұсынысты қабылдаған. Каримовтың кандидатурасына орай заңды негіз белгісіз болып тұр. Қазір ол екінші мерзім бойынша елді басқарып отыр. Конституцияға сәйкес, бұл оның соңғы мерзімі болуы тиіс. 1995 пен 2002-ші жылдары Каримов референдум арқылы биліктегі мерзімін екі рет ұзартқан болатын.
XS
SM
MD
LG