Accessibility links

Қазақстанда Рахат Әлиевке қатысты сот ісі сырттай жүргізілмекші


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевке қатысты сот қарашаның 9-да басталады. Рахат Әлиев Венада болғандықтан, сот ісі сырттай қаралады. Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев мамыр айында қызметінен кетіріліп, оған адам ұрлады, бопсалаумен айналысты, заңсыз қаруға ие болды, қаржылық құйтырқы әрекеттермен шұғылданды, қылмыстық топ құрды деген айыптар тағылып отыр. Австрия соты Әлиевтің соты Қазақстанда әділетті болмайды деп, ресми Астананың Әлиевті экстрадициялау өтінішін қабылдамай тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG