Accessibility links

Түркия әскері мен күрд партизандары арасында қақтығыс болды


Күрд көтерілісшілері тарапынан үш адам қаза тапты, олардың біреуі әйел. Ал кеше күрд партизандары Түнчелі провинциясында Түркия әскерінің бекетіне шабуылдап, бір сарбазды өлтірген. Күрдістан Жұмысшар партиясы басқаратын партизандар қарулы күресін 1984 жылдан бері жүргізіп келеді, олар Түркия шығысы мен оңтүстік-шығысында жасайтын күрдтерге автономия берілсін деп талап қояды. Түркия үкіметі мен көптеген мемлекет Күрдістан Жұмысшар партиясын террорлық ұйым деп таниды. 1984 жылдан бергі қақтығыстарда 37 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG