Accessibility links

Пәкістан оппозициясы төтенше жағдай тәртібінің еңгізілгеніне наразылық танытпақ


Пәкістанның бұрынғы бас министрі Беназир Бхутто басқаратын оппозициялық партия Исламабад қаласының маңында орналасқан Равалпиди қаласында шеру өткіземіз деді. Беназир Бхутто ресми тиымға қарамай, өз жақтастарын митингке келуге шақырды. Оппозиция төтенше жағдай тәртібінің еңгізілгеніне наразылық танытпақ. Наразылық митингісі Равалпиди қаласының орталығындағы саябақта осы жұма күні өткізілмек. Равалпиди қаласының әкімі полиция жол бөгеп, саябаққа сол күні ешкімді кіргізбейді деді. Ел президенті Мұшаррафтың билеуші партиясының төрағасы Чаудри Шуят Хұсайн төтенше жағдай тәртібі екі-үш аптада алынып тастау мүмкін деді. Шетелде қуғында жүрген елдің бұрынғы бас министрі Наваз Шариф Батыс елдеріне қайырылып, Перуез Мұшаррафты қолдамауға шақырды.
XS
SM
MD
LG