Accessibility links

Бхутто пәкістандықтарды төтенше жағдай енгізілуіне жаппай наразылық танытуға шақырды


Бұрынғы премьер-министр Беназир Бхутто президент Первез Мүшаррафтан елдегі төтенше жағдайды тоқтатып, сайлауды белгіленген уақытында өткізуді сұрады.

- Егер үкімет саяси шешім тапқысы келсе, біз Үкіметті, генерал Мүшаррафты теледидарға келіп, Конституцияның күшінде екендігін, Армияның жоғары қолбасшысы ретінде орнынан кететіндігін және сайлаудың белгіленген мерзімінде өтетіндігін жарияласын дейміз.

Кеше сондай-ақ АҚШ президенті Дж. Буш президент Мүшаррафпен сөйлесіп, тез арада сайлау өткізіп, әскер қолбасшылығынан бас тартуға шақырғанын айтты. Полиция кеше Исламабадта парламент үйінің алдында наразылық шеруіне жиналған Бхуттоның жақтастарын тарату үшін көзден жас ағызатын газ пайдаланды.
XS
SM
MD
LG