Accessibility links

Пәкістанда сейсенбі күні жоғалған 4 шекарашының атып өлтірілген үшеуінің мүрделері табылды


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын аумағында денелерінде тиген оқтың іздері бар 3 жауынгердің мәйіттері табылды. Пәкістанның қауіпсіздік қызметінің мәліметі бойынша, бұл үшеуі - өткен сейсенбі күні Рамзак қаласында ұшты-күйлі жоғалған 4 шекарашының ішінде болған. Рамзак қаласы – жорамал бойынша “Талибан” қозғалысы мен “Әл-Қаида” ұйымының содырлары бас сауғалап жүрген Солтүстік Вазиристан өлкесінде орналасқан.
XS
SM
MD
LG