Accessibility links

Бір “Протонның” апатына қарамастан, Байқоңырдан биылғы жыл соңына дейін тағы 3 “Протон” ұшырылады


БАЙҚОҢЫР: Байқоңырда “Космос” жер серігі тиілген “Протон” зымыран тасығышын ғарышқа ұшыруға әзірлеу үстінде. Өткен қыркүйек айында “Протон-М” кемесінің апатқа ұшырап, Жезқазған қаласының маңайына құлауына қарамастан, Ресейдің қорғаныс минисрлігінің тапсырышы бойынша “Бриз-М” жеделдеткіші бар тағы бір “Протон-М” зымыран тасығышын Байқоңырдан ұшыру желтоқсан айының басына жоспарланып отыр. Жалпы жылдың соңына дейін қазақтың ғарыш алаңынан 18-інші қарашада, “Сириус-4” ғарыш аппараты тиілген “Протон-М”, үш “Глонасс-М” аппараты тиілген “Протон-К” кемесі – 25-інші желтоқсанда ұшуға тиіс.
XS
SM
MD
LG