Accessibility links

АҚШ пен Аустралияда Қытайда шығарылған ойыншықтар сатылмайды


ВАШИНГТОН-СИДНЕЙ: Қытайда шығарылған балалардың миллиондаған ойыншығы Солтүстік Америка мен Аустралияның дүкендерінде сатылмайтын болды. Мамандар әлгі ойыншықтардың пластикадан жасалған моншақтары адамның денсаулығы мен өміріне өте қауіпті химиялық заттан жасалғанын анықтады. Ол зат адамның ағзасына түссе, есінен айрылуы немесе талма ауруына шалдығуы мүмкін, тіпті көз жұмуы мүмкін көрінеді. АҚШ-та 2 сәбидің, ал Аустралияда 3 баланың ауруханаға түскені туралы хабар жетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG