Accessibility links

Дж.Буш Пәкістан президентін армия басшылығынан бас тартуға шақырды


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Пәкістан президенті П.Мушаррафпен телефон арқылы сөйлесіп, оны армия басшылығынан бас тартып, сайлау өткізуге шақырғанын мәлімдеді. Дж.Буш өткен сенбі күні ғана Пәкістанға төтенше жағдай орнатқан П.Мушаррафтың өзімен тікелей алғаш рет тілдесті. Оның қарсаңында Пәкістанның экс-премьер-министрі Б.Бхуттоның саяси үзеңгілестері ресми биліктің қатаң тыйым салуына қарамастан, Исламбадтың маңайында жаппай наразылық ереуілін өткізетіндерін мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG