Accessibility links

Финляндияның орта мектебіндегі ең алғашқы қанды оқиғадан 8 адам қаза болды


ТУУСУЛА: Финляндияда Туусула қаласының орта мектебінде қаза болғандарды аза тұту үстінде. Кеше 18 жастағы жігіт жергілікті мектептің ішінде оқ жаудырып, одан 8 адам – 7 оқушы мен мектептің әйел директоры оққа ұшты. Кісі өлтірген соң әлгі қаскүнем өзін басынан атып, бірнеше сағаттан соң ауруханада көз жұмды. Осы қанды оқиғаның қарсаңында көп ашылатын Интернет-сайттың бірінде осы мектепте қайғылы оқиғаның болатынын астарлап білдіретін бейнеролик пайда болды. Қазір ол тергелу үстінде. Бұл Финляндиядағы ең алғашқы қайғылы жайт.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG