Accessibility links

Пәкістан президенті Дж.Буштың сөзіне құлақ асып, жалпыұлттық сайлауды өткізетін болды


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанның мемлекеттік телекомпаниясы хабарлағандай, президент әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы, генерал П.Мушарраф жалпыұлттық сайлаудың 15-інші ақпанға дейін өтетінін жариялады. Сот билігінің өзіне қарсы шыққанын және елде экстремизмнің бас көтергенін желеу еткен П.Мушаррафтың өткен сенбі күні елге төтенше жағдай орнатуына дейін Пәкістандағы сайлау қаңтар айының ортасында өтуге тиіс болатын. Пәкістан президентінің осы мәлімдемесінің алдында ғана АҚШ президенті Дж.Буш П.Мушаррафпен телефон арқылы сөйлесіп, оны армия басшылығынан бас тартып, сайлау өткізуге шақырғанын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG