Accessibility links

Ресми Бежин Иран басшылығын халықаралық қоғамның пікірін ескеруге шақырады


БЕЖИН: Қытай Иранды өзінің ядролық бағдарламасына деген халықаралық қоғамның пікірін ескеруге шақырады. Кеше елдің оңтүстігіне сапары кезінде Иран президенті М.Ахадинеджад: “Иранның уранды байыту үшін жұмыс істейтін 3 мың центрофугасы бар”, - деп мәлімдеген болатын. Ал бүгін Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Лю Цзиньчао атап көрсеткендей, ресми Бежин бұл проблема бойынша Еуропамен және БҰҰ-ымен ақылдасауға ұмтылады. Бірақ ол Иранға қарсы БҰҰ-ының жаңа санкция қабылдауы туралы ештеңе айтпады. Батыс елдері Ираннан астыртын түрде ядролық қару жасамақшы деп күдіктенеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG