ТБИЛИСИ: Бүгін Грузия президенті М.Саакашвили елдегі кезектен тыс сайлауы 2008-інші жылдың 5-інші қаңтарында өтетінін мәлімдеді. Оның алдында ғана НАТО Одағы ресми Тбилисидің оппозицияның наразылық ереуілін басып-жаншығаннан кейін тәуелсіз теле-радиоарналарды жауып, елге төтенше жағдай орнатуына сын пікір білдірді. Одан 1 күн бұрын саяси оппозицияның наразылық ереуілін аяусыз қуып таратқан соң, президент М.Саакашвили Грузияға 15 күндік төтенше жағдай тәртібін орнатты. Ол елдегі саяси дағдарысқа қатысы бар деп Ресейдің айыптап, ресми Мәскеу оны теріске шығарды. Бүгін НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер грузин билігінің іс-әрекетін “әскери одақтың құндылықтарына сай келмейтін және алаңдататын қадам” деп бағалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?