Accessibility links

Евродақ елдерінің Шенген еркін шекаралық аймағы 9 мемлекетпен кеңейеді


Евродақтың ішкі істер министрлері блок елдері тұрғындарының бір-біріне емін-еркін кіріп-шығу мүмкіндігін Одаққа қабылданған 9 елді Шенген аймағына кіргізу арқылы кеңейтуді 21 желтоқсаннан бастауға уағдаласты. Евродақтың 15 мемлекетінің арасындағы теңіздегі және жер бетіндегі шекарада паспорттық бақылау жүргізілмейтін Шенген келісіміне 9 мемлекет қосылады. Олар - Одақ қатарына 2004 жылы қабылданған мемлекеттер. Тек әуежайдағы паспорттық тексеріс 30-наурызға дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG