Accessibility links

Пәкістанда сайлау ақпан айында өтетін болды, бірақ оппозиция шерулерін әлі де жалғастырмақшы


Ақ үй Пәкістан президенті Первез Мүшаррафтың алдағы жылдың 15 ақпанында сайлау өткізу туралы шешімін жариялағандығын құптап қарсы алды. Мүшарраф өткен аптада әділетсіз сот жүйесі мен қақтығыстардың өршуі дағдарысқа тіреді деп елде төтенше жағдай енгізген болатын. Мұндай қадам қаңтар айында өткізілуі тиіс парламент сайлауын кешеуілдетеді деген алаңдаушылық туындатып, ол шерулерге ұласқан болатын. Мүшарраф сайлау күнін анықтап қана қоймай президент ретіндегі екінші мерзімі басталмас бұрын Армияның бас қолбасшысы міндетінен бас тартып, әскери киімін ауыстыруға уәде етті. Британия Мүшаррафтың шешімін құптап қарсы алды, дегенмен де парламенттік сайлаудың бастапқы мерзімі өзгеріп кеткеніне өкініш білдірді.
XS
SM
MD
LG