Accessibility links

Грузия оппозиция жетекшілерін Ресейдің қолдауымен төңкеріс жасамақшы болды деп айыптады


Грузия прокуратурасы оппозицияның екі басшысын Тбилисидегі наразылық шерулеріндегі қақтығыстар барысында Ресейдің көмегімен шпиондық жасау арқылы мемлекеттік төңкерісті жүзеге асырмақшы болды деген айып тақты. Бас прокурордың орынбасары Николаз Гварамиа оппозиция белсенділері Тотни Гамсахурдиа мен Шалва Мателашвилиге Тбилисидегі Ресей елшілігінде дипломат болып жұмыс істейтін Ресей қауіпсіздік қызметінің үш қызметкерімен бірге төңкеріс ұйымдастырмақшы болды деген айып тағылды дейді. Бірақ ол екеуі қазір жасырынып қашып жүр деп айтқан. Грузия бұдан бұрын Тбилисидегі Ресейдің үш дипломатын шпиондық әрекеттермен шұғылданды деп айыптап, олардың Грузиядан кетірілуіне мұрындық болған.
XS
SM
MD
LG