Accessibility links

Грузия бизнесмені Бадри Патаркацишвили үкімет төңкерісін жасамақ болды деп айыпталды


Грузия бас прокуратурасы бизнесмен Бадри Патаркацишвили үкімет төңкерісін жасамақ болды деп жариялады, оған қылмыс айыбын тақты. Бадри Патаркацишвили – Грузиядағы ең бай адамдардың бірі. Тбилиси қаласында осы апта бойы үкіметке қарсы болған митингтерде Бадри Патаркацишвили Грузияны Михаил Саакашвилидің фашистік үкіметінен азат етуге ақша беремін деген. Президент Михаил Саакашвили сайлау келесі жылдың соңында емес, алдағы қаңтар айының бесінде өтеді деп жариялады. Грузияда президент сайлауы мерзімінен бұрын өтетін болды. Оппозиция мұны жеңісіміз деп қабылдады.
XS
SM
MD
LG