Accessibility links

Ауғаныстандағы шайқастардан 6 американ, 3 ауған әскері мерт болды


Ауғаныстандағы НАТО бастаған халықаралық күштердің өкілі хабарлағандай, елдің шығысындағы шабуылда үш ауғандық әскер мен алты американ сарбазы қаза тапты. Оларға жұма күні Нуристан провинциясында шабуыл жасалған. Тағы 8 АҚШ әскері мен 11 ауған әскері жараланған. Бұл арада бүгін Қундыз провинциясында бір жанкешті бомба қойылған көлігін германиялық күштер маңында жарып жібері, оның өзі мен бір бейбіт тұрғын қаза болды. Бұл шабуылдарға жауапкершілікті талибандар алып отыр.
XS
SM
MD
LG