Accessibility links

Беназир Бхутто 1 күндік үй қамауынан босатылды


Бүгін Пәкістан оппозциясының жетекшісі Беназир Бхутто үй қамауынан босап, президент Первез Мушарраф енгізген елдегі төтенше жағдай барысындағы ақпарат құралдарын шектеулерге қатысты журналистердің наразылық акциясына қосылды. Пәкістан билігі Бхуттоны өзін қолдаушылардың шеруіне қатысуға жол бермеу үшін жұма күні үй қамауына алған болатын. Бхутто сондай-ақ, төтенше жағдайдан бас тартуға шақырып Әділет басшысының үйіне барған, бірақ онымен кездесуге кедергі келтірілген.
XS
SM
MD
LG