Accessibility links

Тбилисиде үкімет пен оппозиция өкілдері кездесті


Бүгін Тбилисиде Грузия үкіметі мен оппозициясының өкілдері кездесіп жатыр. Олар осы аптада полиция күштері көтерілісшілерді басып тастап, елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін кездесіп отыр. Ел парламенті президент Михайл Саакашвили енгізген төтенше жағдайды 15 күнге бекітті. Бірақ, президент әкімшілігінің басшылығы ол төтенше тәртіп жағдайы қарашаның 22-іне дейін алынуы мүмкін деді. Грузия билігі елде төңкеріс жасамақ болды деп айыптап отырған грузиялық миллиардер Бадри Патаркацишвили өзінің президенттік сайлауға түсетіні туралы хабарлады.
XS
SM
MD
LG