Accessibility links

Палестиналықтар Ясир Арафаттың дүниеден өткеніне 3-жыл толғанын атап өтті


Бүгін палестиналықтар Ясир Арафаттың дүниеден өткеніне үш жыл толғанын атап өтуде. Еске алу шаралары Палестина Автономиясының басшысы Махмуд Аббас сенбі күні Рамалланың Батыс жағалауындағы Арафаттың зиратының басына қойылған күмбезді ашумен басталды. Махмуд Аббас Арафаттың Палестина тәуелсіздігі жолындағы мақсаттарын жүзеге асыра беруге сөз берді. 2004 жылдың 11-ші қарашасында Ясир Арафат 75 жасында Париж ауруханасында көз жұмған.
XS
SM
MD
LG