Accessibility links

2007 жыл Ауғаныстандағы АҚШ әскері ең көп құрбан болған жыл делінді


Құрама Штаттар Ауғаныстанға талибан режимін құлатын басып кірген алты жылдан бері 2007 жыл американдық әскерлер ең көп құрбан болған жыл болып отыр. АҚШ әскерилерінің айтуынша, жұма күні Ауғаныстанның Нуристан провинциясында алты американ сарбазы мерт болды. Ассошейтед пресс агентігінің хабарына қарағанда, Ауғаныстанда қаза болған АҚШ әскерінің қатары осы жылы 101-ге жетті. Оның алдында американ жасақтарында адам шығыны көп болған 2005 жыл болып, ол кезде 93 американ әскері құрбан болған еді.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG