Accessibility links

Буш пен Меркель Иран дағдарысын шешуде дипломатиялық жолды қарастырады


АҚШ президенті Джордж Буш пен Германия канцлері Ангела Меркель, өздерінің Иранның ядролық бағдарламасы дағдарысын шешу үшін дипломатиялық күш сала беруге келіскендерін айтып отыр. Буштың айтуынша, дипломатиялық шаралар Иран режимін оқшауландырып тастайды. Меркель болса, дипломатиялық әрекеттер әзірге толық пайдаланылған жоқ деп біледі. Құрама Штаттар президенті Иранның атом бомбасын жасайтын уран байытуды тоқтатудан бас тартуына байланысты БҰҰ-ның үшінші мәрте санкциясы қажет болады деген.
XS
SM
MD
LG