Accessibility links

Перуез Мұшарраф жалпыұлттық сайлаулар 9 қаңтарға дейін өтеді деп уәде айтты


Дегенмен осыдан бір апта бұрын еңгізілген төтенше жағдай тәртібі күшінде қалады деді. Перуез Мұшарраф дауыс беру күнін сайлау комиссиясы анықтайды, сайлауға дейін елді уақытша үкімет басқарады деді. Оппозиция басшысы Беназир Бхутто бұл жаңалықтарды дұрыс деп қабылдады, дегенмен төтенше тәртіп жағдайында еркін және әділ сайлау өткізу мүмкін емес деді. Пәкістан президенті төтенше жағдай тәртібін исламшылдардың белсенділігі өсіп жатқандықтан еңгізуге мәжбүрмін деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG