Accessibility links

Антонио Геттерес ертең Қазақстанға келеді


Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары Антонио Геттерес ертең Қазақстанға келіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек, босқындар ісі заңнамасын талқыламақ. Антонио Геттерес бүгін Қырғызстанда жүр. Бұл оның 2005 жылы Біріккен Ұлттыр Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары қызметіне тағайындалғалы бері аймаққа бірінші келіп тұрғаны. Антонио Геттерес бүгін Қырғызстанда босқындарды қабылдау орталығын ашады, президент Құрманбек Бақиев, сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев және басқа да ресми өкілдермен келіссөз өткізеді.
XS
SM
MD
LG