Accessibility links

Камбоджадағы “қызыл кхмерлердің” тағы 2 өкілі трибуналда сотталады


ПНОМПЕНЬ: Камбоджада “Қызыл кхмерлердің” үстемдігі жылдарында сыртқы істер министрі болған Йенг Сари мен сол кезде үкімет құрамында қызмет істеген оның жары Йенг Тирит тұтқындалды. Ол екеуі - “адамзатқа қарсы қылмыс істеді” деген айып бойынша әскери трибуналда сотталуға тиіс. “Қызыл кхмелер” үстемдік еткен 1975-1979-ыншы жылдар аралығында Камбоджада ауыр жұмыстардан, аштықтан және түрлі азаптан 2 млн.-ға жуық халық қырылды.
XS
SM
MD
LG