Accessibility links

Пәкістан оппозициясы президент П.Мушаррафтың алдына талап-шарт қойды


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның саяси оппозициясы президент Первеза Мушаррафты жалпыұлттық сайлаудың қарсаңында елдегі төтенше жағдай тәртібін тоқтатуға шақырды. Ислам партиялары бірлестігінің лидері Лиакат Балох мәлімдегендей, басқаша жағдайда ашық әрі әділ сайлау өткізудің мүмкіндігі болмайды. Пәкістанның экс-премьер-министрі Б.Бхутто ханым сайлауалды науқанын өткізу үшін төтенше жағдай тәртібінің қаншалықты тосқауыл болатынын атап көрсетті. Пәкістандағы жалпыұлттық сайлау 9-ыншы қаңтарда өтуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG