Accessibility links

Мәскеу грузин-абхаз жанжалы аумағындағы бітім күштерінің қатарын нығайтты


ТБИЛИСИ: Ресми Тбилисидің мәлімдеуінше, Ресей Грузиядан бөлінген Абхазиядағы әскери бөлімінің қатарын күшейтті. Осы республикада Ресейдің бітім күштері тұр. Ол әрекетті бүгін Грузияның жанжалдарды үйлестіру министрі Давид Бакрадзе “заңсыз” деп бағалады. Өткен айда бітім күштерінің 5 грузин полицейін тұтқындап таяққа жығуынан кейін, Грузия Ресейден бітім күштерін Абхазиядан шығаруын талап еткен болатын. “Мәскеушіл” Абхазия республикасы 1990-ыншы жылдардың басында Грузиядан бөлініп тәуелсіздігін жариялады. 1994-інші жылғы келісімге сәйкес, жанжал шыққан аймаққа Ресейдің 2 мыңдық бітім күші орналасты.
XS
SM
MD
LG