Accessibility links

Палестинадағы азат ету қозғалысының марқұм болған лидері Я.Арафатты еске алды


ТАЯУ ШЫҒЫС: Осыдан 3 жыл бұрын марқұм болған Палестина лидері Ясир Арафатты еске алуға арналған Газа аймағындағы жиынға қарсы оқ жаудырылып, одан кем дегенде 5 адам оққа ұшты. Өткен маусым айында бақталас “Хамас” ұйымы үстемдік орнатқан Газа аймағындағы ФАТХ қозғалысы ұйымдастырған осы митингіге марқұм Арафаттың портреттері мен аталған қозғалыстың сары жалауын көтерген 10 мыңдаған халық келіп қатысты. Бейбіт жиынға оқ жаудырды деп “Хамас” пен ФАТХ ұйымдары бір-бірін айыптау үстінде.
XS
SM
MD
LG