Accessibility links

Азов теңізіне 1,5 мың тоннадан артық мұнай шикізаты ақтарылып ластанды


СЕВАСТОПОЛЬ: Қырым түбегінің жағалауында үлкен теңіз толқынынан апатқа ұшыраған жүк кемелерінің 20 теңізшісін іздестіру үстінде. Керч бұғазында, жорамал бойынша, “Нахичевань” жүк кемесіне жататын 3 теңізшінің мәйіттері аңғарылды. Севастопольге жақын маңайда суға батқан Грузияның “Хаджи-Измаил” кемесінің 15 теңізшісінен әлі хабар жоқ. Кеше теңіздегі зор толқыннан кем дегенде 9 кеме, оның ішінде күкірт пен мұнай тиілген кемелер апатқа ұшырап, 1,5 мың тоннаға жуық мұнай Азов теңізіне ақтарылды. Төтенше жағдайлар бойынша министрлік төгілген мұнайды жинау мен суға батқан күкіртті көтеруге кірісті. Экологтар апаттың зардаптарын жоюға талай жыл керек деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG