Accessibility links

Пәкістан оппозициясының басшысы Беназир Бхутто жеті күнге үй қамауына алынды


Ол кеше наразылық керуенін бастамақ еді. Беназир Бхутто қамалуының алдында барша пәкістандықтарға қайырылып, Лахор қаласынан ел астанасы Исламабадқа мәшине керуенімен жүріп, наразылық танытуға шақырған еді. Наразалық шеруінде президент Перуез Мұшарраф жоғары қолбасшы қызметінен кетсін, төтенше жағдай тәртібін алып тастасын, мыңдаған заңгер мен саяси қарсыласын түрмеден шығарсын деген талаптар қойылды. Беназир Бхутто алдағы парламент сайлауы еркін өтпесе масқара болады дейді.
XS
SM
MD
LG