Accessibility links

Мақпал Жүнісова Заманбектің қазасын атап, Алматыда концерт ұйымдастырды


Қазақ оппозициясының қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің жесірі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова оның осыдан екі жыл бұрын жұмбақ жағдайда қаза болғанын атап, кеше Алматыда концерт ұйымдастырды. Қазақ әншілері Заманбектің сүйікті әндерін орындады. Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасында өз үйінде қаза тапты. Заманбек өзіне-өзі үш рет оқ атқан, дейді Қазақстан үкіметі. Заманбектің жақтастары бұл жалған, Заманбек саяси себептен өлтірілді дейді. Заманбектің жұмбақ қазасынан кейін, үш айдан кейін оппозицияның тағы бір қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы жанындағы екі серігімен бірге Алматыда ашықтан-ашық атып өлтірілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG