Accessibility links

Приднестровье үкіметі Приднестровье нөмірлерін таққан мәшинелер Молдоваға кіргізілмесе біз де солай істейміз деді


Молдовадан сепаратистік жолмен бөлініп шыққан Приднестровье республикасының басшысы Игорь Смирнов Молдова үкіметі Приднестровье нөмірлерін таққан мәшинелердің жүрісіне тыйым салса тиісті жауабымызды қайтарамыз деп ескертті. Молдова үкіметі Приднестровье нөмірлерін таққан мәшинелерді алдағы қаңтар айынан бастап кіргізбейміз, Молдова территориясында жүргізбейміз деді. Приднестровье республикасының басшысы Игорь Смирнов ондай болса өз территориямызда Молдова нөмірлерін таққан мәшинелерді жүргізбейтін боламыз деді.
XS
SM
MD
LG