Accessibility links

АҚШ үкіметі Беларустың ең үлкен мұнай компаниясына қаржы шектеулерін қойды


Бұған себеп – "Белнефтехим" компаниясын президент Александр Лукашенко тікелей қадағалайды деген күдік шықты. "Белнефтехим" компаниясының кез-келген қаражаты Америка Құрама Штаттарында табылса тұмшаланатын болады. Америкалық азаматтарға бұл компаниямен не болмаса оның бөлімшелерімен ешқандай шаруа жүргізбеу бұйырылды. АҚШ үкіметінің бұл шарасы "Белнефтехим" компаниясының Германия, Латвия, Украина, Ресей және Қытайдағы кеңселеріне және Америка Құрама Штаттарындағы бөлімшесіне тікелей қатысты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG