Accessibility links

Мьянмадағы оппозицияның лидері соңғы 18 жыл өмірінің басым бөлігін үйінде қамауда өткізді


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ның арнаулы өкілі Ибраһим Гамбари Мьянмадағы ахуалдың біршама жақсарғанын мәлімдеді. Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде жасаған баяндамасында Гамбари үкіметке қарсы жаппай наразылық ереуілі басталысымен Мьянманың әскери хунтасы орнатқан төтенше жағдай тәртібінің жойылғанын және наразылық кезінде тұтқындалған 3 мыңдай адам мен саяси тұтқынның босатылғанын хабарлады. Сонымен бірге И.Гамбари оппозицияның лидері әрі Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжидің әлі де өз үйінде қамауда отырғанын атап көрсеті. Су Чжи – соңғы 18 жыл өмірінің басым бөлігін осындай қамауда өткізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG