Accessibility links

2008-інші жылға арналған Қазақстан бюджетінің тапшылығы 0,1 пайызға ұлғайтылды


АСТАНА: Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы “Республиканың 2008-інші жылғы бюджеті туралы” заң жобасына Сенат енгізген өзгертулермен келісті, яғни заң жобасы мақұлданып, енді мемлекет басшысының бекітуіне жолданады. Сенат заң жобасының бюджет тапшылығын 0,1 пайызға ұлғайту арқылы оның шығыс бөлігін шамамен 26 млрд. теңгеге ұлғайтуды ұсынды. Нәтижесінде 2008-інші жылғы Қазақстан бюджетінің кірісі 2 трлн. 692 млрд. теңге, шығысы 2 трлн. 889 трлн. теңге, бюджет тапшылығы – 197 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнім көлемінің 1,3 пайызына тең болады.
XS
SM
MD
LG